Қазақстанда отандық автобус бренді пайда болады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде Үкіметтегі брифингте еліміздің өз автомобиль брендін шығару мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, өз автомобиль брендінің болуы – елдің беделін арттыратын маңызды көрсеткіш.

"Автокөлік өндіретін әрбір мемлекет өзінің жеке брендін шығаруға ұмтылады. Бірақ мұндай мүмкіндік барлық елде бірдей жоқ. Біздің өндірушілер де бұл біздің мақсатымыз, соған қарай жұмыс істеп жатырмыз дейді. Сонымен қатар олар әлемде өз автомобиль бренді бар мемлекеттер небәрі 15–20 ғана екенін алға тартады", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр Қазақстанда жақын арада өзіміздің автобус бренді шығатынын мәлімдеді.

"Автобустарға қатысты айтатын болсақ, бүгін осы жылы қазақстандық инженерлер әзірлеген "Астана" атты отандық автобус бренді іске қосылатыны жарияланды. Бұл Алматыдағы зауытта шығарылатын өзіміздің бренд болады", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Қазақстан 2026 жылы 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды