Енді қоңырау түскенде арнайы белгі пайда болады: бұл нені білдіреді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда алаяқтықпен күресу үшін ресми қоңырауларды белгілеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы 2026 жылғы 21 шілдеде ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, интернет, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтерін енді тек тиісті лицензиясы бар операторлар ғана ұсына алады. Бұл олардың сапасын, сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Абоненттердің ресми қоңырауларды алаяқтардың қоңырауларынан ажырата алуы үшін ұялы байланыс құрылғыларында қоңырауларды белгілеу жүйесі енгізіледі. Яғни банктерден, қызмет көрсетуші компаниялардан және басқа да ұйымдардан келіп түсетін ресми қоңыраулар құрылғының экранында арнайы белгімен көрсетіледі", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, ол телекоммуникация саласына қатысты 90-ға жуық заңнамалық норма қабылданғанын атап өтті.

Заң тамыз айының соңында күшіне енеді.

Вице-министр маусым айының соңынан бастап абоненттерге байланыс операторларының жарнамалық және ақпараттық хабарламаларынан, сондай-ақ автоқоңыраулардан бас тарту мүмкіндігін беретін норма күшіне енгенін еске салды.

Бұдан бөлек, ақылы байланыс және интернет қызметтері абоненттің екі кезеңді келісімі алынғаннан кейін ғана қосылатын болады.

Бұған дейін Қазақстан автокөліктердің "көлеңкелі" импортымен күресті неліктен күшейтіп жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады