Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 12:01 Сурет: Әли Ғалым
Бүгін, 21 шілде күні Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясынан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын партиялық тізімді тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дереккөзге сүйенсек, тізімде 186 кандидат бар. Олардың арасында әр саланың өкілдері, атап айтқанда, заңгер, ғалым, кәсіпкер, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен қоғамдық қызметтердің өкілдері бар.

"Әділет" партиясы партиясы Құрылтай сайлауына заң үстемдігі, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарына негізделген бағдарламасымен қатыспақ.

Бағдарламаның негізгі басымдықтары арасында цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтіп, азаматтардың өмірін жақсарту сияқты бағыттар бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Әділет" партиясының кезектен тыс өткен III съезінде Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекіген еді.

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 12:01

Сурет: Әли Ғалым

Естеріңізге сала кетейік, елдегі ең жоғары органдардың біріне айналатын Құрылтайға 145 депутат сайланады. Сайлау 23 тамызда өтеді.

Кандидаттардың толық тізімін сілтемеге өту арқылы көре аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: