Полиция электрлі самокатты қауіпсіз пайдалану қағидаларын еске салды

Самокат, самокаты, самокатчики, электросамокаты, электрический самокат, электрические самокаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 21:58 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын электрлі самокаттарды пайдалану кезінде жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, соңғы уақытта бір электрлі самокатқа екі немесе одан да көп адамның қатар мінуі, сондай-ақ онымен көлемді жүк тасымалдау жағдайлары жиілеп кеткен.


"Электрлі самокаттың құрылымы бір ғана адамды тасымалдауға арналған. Оған қосымша жолаушы мінгізу немесе көлемді жүк тиеу көлік құралының тепе-теңдігін бұзып, оны басқаруды қиындатады әрі құлау мен жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупін бірнеше есе арттырады. Барша пайдаланушыны қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, Жол қозғалысы қағидаларын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. Бұл – тек самокат жүргізушісінің ғана емес, айналасындағы басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты мәселе", – деді Әбдінұр Тасыбаев.

Полиция жол қозғалысы қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: