Қазақстанда ағза трансплантациясына мұқтаж науқастар саны артып келеді

Фото: primeminister.kz
ҚР ДСМ қарасты Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Сейітқазинов ағза трансплантациясын қажет ететін науқастардың күту тізімі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда ағза трансплантациясын 4 739 пациент күтіп отыр.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда ағза трансплантациясын 4 739 пациент күтіп отыр. Олардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет. Бүгінде 4 208 адамға – бүйрек, 293 адамға – бауыр, 208 адамға – жүрек, 30 адамға – өкпе, ал 5 адамға "жүрек-өкпе" кешенін трансплантациялау қажет", – деді Айдар Сітқазинов.

Оның сөзінше, жыл сайын трансплантацияға мұқтаж науқастардың саны артып келеді.

"Жыл сайын ағза трансплантациясын қажет ететін пациенттердің саны көбейіп келеді. Сондықтан қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесін дамыту денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі болып қала береді", – деді Айдар Сітқазинов.

Ағза трансплантациясын қажет ететін балалар туралы толығырақ жеке материалдан оқи аласыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қостанай облысында Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 соқтығысып, бір адам қаза тапты

"Китабут-таухид" – ақиқат шамшырағы!