Қызылорда облысында халықты газдандыру жобасы қарқынды жүргізілуде

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты.

Cалтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде. Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", – деді аймақ басшысы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады. Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд. теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі. Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады.

Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды