ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ұлттық тестілеу орталығы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан кешенді тестілеуге қатысты жалған ұсыныстарға байланысты талапкерлер мен ата-аналарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық тестілеу орталығы кейінгі уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "кешенді тестілеуден өткізіп береміз", "грантқа түсіріп береміз", "тест сұрақтарының жауаптары бар" деген мазмұндағы жалған хабарламалар жиілеп кеткенін мәлімдеді.

Орталық мұндай ұсыныстардың барлығы алаяқтық әрекет екенін атап өтіп, азаматтарды күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

ҰТО мәліметінше, кешенді тестілеуге қатысатын әр талапкер үшін жеке тест нұсқасы қалыптастырылады. Сондықтан интернетте таралатын "тест сұрақтары" немесе "дайын жауаптар" нақты тест тапсырмаларымен сәйкес келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сондай-ақ орталық тест материалдарын заңсыз тарату фактілері анықталған жағдайда уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданатынын ескертті.

Бұдан бөлек, тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі болып саналады. Оларды заңсыз жариялау немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетіні атап өтілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

"Қазгидромет" Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды