Павлодарда полиция ұрлықты кәсіп еткен күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, шілде айында Павлодар қаласында күдікті кілтті іріктеу арқылы пәтерге заңсыз кіріп, жалпы құны шамамен 6 миллион теңгені құрайтын мүлікті ұрлаған. Күдіктінің үш пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын бірнеше миллион теңгені құрайды.

Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілді қолданған – кілтті іріктеу арқылы тұрғын үйге кірген. Кейін зергерлік бұйымдарды, ақшалай қаражатты және өзге де бағалы заттарды қолды қылған. Ұрланған мүлікті кейін ломбардтарға өткізіп, түскен қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.

"Анықталғандай, 36 жастағы күдікті – Астана қаласының тұрғыны, бұған дейін бірнеше рет сотталған. Жеке тінту барысында оның жанынан ақшалай қаражаттың бір бөлігі тәркіленді. Сондай-ақ Семей қаласындағы ломбардтардың бірінен алтын бұйымдар табылып, тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның облыс аумағында жасалған осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Олжас Теміров.

Полиция азаматтарды пәтер ұрлығының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда