Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Фото: Zakon.kz
Алматының Алатау ауданындағы Саин көшесінде Changan және Hyundai Elantra көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданындағы Саин көшесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Changan автокөлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге жақындағанда жылдамдығын бәсеңдеткен. Оның артынан келе жатқан Hyundai Elantra жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, алда келе жатқан көлікке соғылған.

Соққының әсерінен Changan көлігі инерциямен жол жиегіндегі бордюрге шығып кеткен.

Жол апаты салдарынан Hyundai Elantra көлігінің екі жолаушысы зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Ведомство жүргізушілерге, әсіресе жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде, жол жағдайы санаулы секунд ішінде өзгеруі мүмкін екенін ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды