Алматының жеті ауданында екі апта бойы жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылы 3–14 тамыз аралығында Алматының жеті ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақтың екінші кезеңі өтеді. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мамандары айтты.

Магистральдық және тарату құбырларына жүргізілетін тексеру барысында күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Қауіпсіздік шараларының сақталуына қарамастан, кейбір учаскелерде судың жер бетіне шығуы немесе жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты кезектен тыс жағдай орын алуы мүмкін.

Мұндай жағдайда ешқандай әрекетті өз бетіңізше жасамауыңызды, оқиға орнынан дереу кетуіңізді және бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 351-27-62 (тікелей нөмір), call-орталығы: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі нөмірлері 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс орталығы.

Жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізу кестесі

3 тамыз

3–4 тамыз

3–14 тамыз

Бостандық ауданы:

Медеу ауданы:

4–5 тамыз

5 тамыз

5–7 тамыз

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин даңғылы – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – Райымбек даңғылы – Құратов көшесі – Гоголь көшесі.

6 тамыз

6–7 тамыз

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би көшесі – Сәтбаев көшесі – Әшімов көшесі – Ислам Кәрімов көшесі.

7 тамыз

10 тамыз

10–11 тамыз

11 тамыз

11–12 тамыз

12 тамыз

12–14 тамыз

13–14 тамыз

14 тамыз

Аталған аумақтардың шекарасында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толық көлемде сақталады.

Гидравликалық сынақ жылу желілерінің, олардың жабдықтарының техникалық жай-күйін тексеру және алдағы жылыту маусымына дайындық аясында құбыр желілеріндегі ақаулы учаскелерді анықтау мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді