Ыстықкөлден ұшатын қазақстандықтарға әуежайға үш сағат бұрын келуге кеңес берілді

Фото: Zakon.kz
FlyArystan қазақстандық лоукостерінің баспасөз қызметі Ыстықкөлдегі Тамчы әуежайынан ұшатын қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Ыстықкөлде халықаралық спорттық іс-шараның өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

"Шектеулер Чолпон-Ата – Тамчы әуежайы бағытындағы жолға да қатысты болады".

Бұл күндері Ыстықкөлде екі ауқымды іс-шара – Formula 1 H2O судағы жарыстан халықаралық әлем чемпионаты және ESCAPE FEST 2026 музыкалық фестивалі өтеді.

Осыған байланысты жолаушылардан жолдағы жағдайдың өзгеруі мүмкін екенін ескеріп, әуежайға ертерек шығу сұралды.

"Ұшу алдындағы барлық рәсімнен уақтылы өту үшін әуежайға рейстен кемінде үш сағат бұрын келуге кеңес береміз", – делінген FlyArystan баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанның әуе тасымалы нарығына 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Түркияның SunExpress әуе компаниясы шығатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды