Танымал блогер Айтым Жақыпов жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жазаланды

Фото: pexels
Қазақстандық танымал блогер әрі ауқымды спорт жобасының негізін қалаушы Айтым Жақыпов тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілікті. Алайда бұл жолы ол жасаған әрекеті үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Threads қолданушысы Mercedes-Benz жүргізушісінің бірден бірнеше жол ережесін бұзғанін растайтын фото және бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, оқиға Астанада LRT желісінің бойындағы Қарқаралы тасжолында болған.

Жазба авторы жол қозғалысының басқа қатысушыларына неге ашықтан-ашық құрметсіздік таныту керек екенін сұрап, жүргізушінің мынадай әрекеттерін атап өтті:

Сурет: Threads/@hamster.95957351

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі Айтым Жақыпов болған. Ол жол ережесін бұзғанын өзі де мойындады.

"Расымен де, қатты асықтым. Егер қолайсыздық тудырсам, шын жүректен кешірім сұраймын!" – деп жазды ол жарияланымға берген жауабында.

Дегенмен елордалық полиция жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын назардан тыс қалдырмады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзған бейнежазба анықталды. Жүргізушінің жеке басы белгілі болды", – делінген Астана қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.

Нәтижесінде 34 жастағы жүргізуші жол белгілерінде көрсетілген талаптарды сақтамағаны, қарсы бағыттағы көлікпен жол айырысу және маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұған дейін Алматыда автобустың жол жиегінде тұрған үш автокөлікті соққаны хабарланған еді. Қоғамдық көлік жүргізушісі автобустың "сыймай қалғанын" айтқан.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған