Ақтөбедегі құрылыс базарындағы ірі өрт оқшауланды

Фото: Zakon.kz
"101" қызметіне Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы "Жігер" құрылыс базары аумағында орналасқан қоймалардан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, қоймаларда құрылыс материалдары сақталған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жетті. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығының мамандары, әскери қызметшілер, сондай-ақ әкімдік қызметкерлері, полиция және жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды.

Бұл туралы 2026 жылғы 30 шілдеде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.


"Жедел штаб құрылды. Өрт сөндірушілер жалынның көршілес нысандарға таралуына жол бермей, өртті толық жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отыр. Қойма металл конструкциялардан тұрғызылған, сырты профильді қаңылтырмен қапталған, ал шатыры ағаш торкөздің үстіне орнатылған", – деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрттің таралуы тоқтатылып, жағдай толық бақылауға алынды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді