Бұл туралы "Қазгидромет" РМК таратқан ескертуде айтылған:
"2026 жылғы 31 шілдеде Алматы қаласында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсияның жиынтығы.
Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларына, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық ауруларға шалдыққан адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы шілденің соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы бұзылатынын хабарлаған. Осыған байланысты еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.