Көптен күткен салқын: Қазақстанда жаңбыр жауып, аптап ыстық басылады

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 2026 жылғы 4, 5 және 6 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар өтеді.

"Суық ауа массаларымен толыққан циклон найзағайлы жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Жауын-шашынмен бірге ауа температурасы да төмендейді", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Болжамға сәйкес, күндіз солтүстік өңірлерде ауа температурасы +22...+27°С болады. Ал еліміздің шығысында аптап ыстық бәсеңдеп, ауа температурасы +33...+38°С-тан +27...+32°С-қа дейін төмендейді.

Бұған дейін синоптиктер тамыз айында Қазақстанда ауа температурасы күрт төмендеп, түнде +3°С-қа дейін салқындайтынын және қатты жаңбыр жауатынын болжаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы