Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі ашық жүргізіледі

Фото: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта аккредиттеу рәсіміне қоғамдық сенімді арттырудың жаңа тетігі қарастырылған. Енді сыртқы кешенді бағалау кезінде аккредиттеу орталықтарының жұмысына мемлекеттік органның өкілі дауыс беру құқығынсыз бақылаушы ретінде қатыса алады.

Бақылаушы ретінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысады. Олар сараптама комиссиясының жұмысына араласпайды және қорытынды шешімге ықпал етпейді. Бақылаушының негізгі міндеті – рәсімнің ашық өтуін және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінше, өзгерістер Қазақстанда медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында әзірленді.

Жаңа тәсіл аккредиттеу рәсімін медициналық ұйымдар, пациенттер және кәсіби қауымдастық үшін түсінікті әрі ашық етуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар бақылаушының қатысуы аккредиттеу тәртібі мен оны реттейтін заңнаманы жетілдіруді қажет ететін мәселелерді дер кезінде анықтауға көмектеседі.

Бұл ретте аккредиттеу рәсімі, оның өлшемшарттары мен шешім қабылдау тәртібі өзгермейді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 17 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды