Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетені қандай болады

Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник 2026 жылғы 3 тамызда ОСК отырысында Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенінің қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Михаил Бортниктің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньнің нысаны мен мәтінін, оны дайындау тәртібі мен қорғалу деңгейін белгілейді. Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерін әзірлеп, аумақтық сайлау комиссияларына жеткізуді қамтамасыз етеді.

"Бюллетень бланкісі – екіжақты, А4 форматында және көгілдір түсті. Бірінші бетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен бюллетеньнің атауы көрсетіледі. Екінші бетінде 2026 жылғы 23 шілдеде өткізілген жеребе бойынша айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атауы және "Бәріне қарсымын" деген жол орналастырылады. Бюллетеньдерді офсеттік баспа әдісімен орындалатын полиграфиялық тәсілдер, түсі, баспа қарпі және басқа да элементтер арқылы қорғау жөнінде ұсыныстар әзірленді", – деді ол.

Сурет: видеодан скриншот

Оның айтуынша, сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген. Осыған байланысты заңда көзделген 1 пайыздық қорды ескере отырып, дауыс беруге арналған 12 731 847 бюллетень дайындалады.

Сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру күнінен үш күн бұрын басталып, бір күн қалғанға дейін жеткізіледі.

Бұған дейін Қазақстан бойынша учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Құрылтай
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды