Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылуына қатысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 3 тамызында Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша III халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстанның цифрлық даму бағытында стратегиялық таңдау жасағанын атап өтті.

"Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 193 мемлекеттің арасында 24-орында тұр. Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап келеді. Біз бірыңғай инновациялық экожүйе құрып жатырмыз. Оның аясында жасанды интеллект мемлекетті, экономиканы және бизнесті басқарудың маңызды тетігі ретінде қоғам өмірінің барлық саласына дендеп енеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде нақты міндет қойғанын еске салды.

" 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау да осы стратегиялық бағдарды жүзеге асыруға бағытталған қадам. Бұдан бөлек, инновацияға арқа сүйейтін ел дамуының негізгі бағыттары 1 шілдеде күшіне енген Қазақстанның жаңа Конституциясында нақты көрсетілген. Бұл – барлық үдерістің басы ғана, – деді Президент.
Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды