Азаматтың туу туралы акт жазбасындағы анасының ұлтына қатысты мәліметке өзгеріс енгізу жөніндегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қарсы талап арызын Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады.
Талап қоюшы туылған кезде анасының ұлты акт жазбасында "орыс" деп көрсетілген. Сонымен бірге, сот зерттеген құжаттар талап қоюшының анасының ата-анасы ұлты бойынша чехословак және неміс екенін растады. Демек, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің талаптарына сәйкес, анасының туылған кездегі ұлты "чех" немесе "неміс" деп көрсетілуі керек болған, – деп соттың 2026 жылғы 4 тамызда Telegram-арнасында жарияланған хабарламасында айтылған.
Бұған дейін Мемлекеттік корпорация тиісті өзгерістер енгізуден бас тартқан болатын.
Анасы қайтыс болғаннан кейін оның дербес деректеріне заңнамамен өзгерістер енгізуге жол берілмейді, бұл іс жүзінде талап қоюшыны өзінің ұлттық тиесілігі туралы мәліметтерді өзгерту мүмкіндігінен айырды. Жамбыл облысының МАӘС
Сот, бұзылған құқықты қорғаудың басқа тәсілінің жоқтығын, сондай-ақ әділеттілік пен парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, талап қоюды қанағаттандырды.
Сот шешімімен жауапкерге анасының ұлтын "орыстан" "чех" болып өзгерте отырып, талап қоюшының туу туралы актілік жазбасына түзетулер енгізу міндеті жүктелген.
Сот сондай-ақ шешімі бір ай мерзім ішінде орындалмаған жағдайда, жауапкерге 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданылатынын атап өтті.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.