Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті.
"Өсім 15,3%-ды құрады. Негізгі үлесті азық-түлік сегменті қамтамасыз етті. Бұл саладағы өсім шамамен 30%-ға жетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі отандық өндірушілеріміздің сыртқы нарықтағы позициясы да нығайып келеді", – деді Арман Шаққалиев.
Министрдің мәліметінше, қаңтар-мамыр айларында азық-түлік экспорты 34,4%-ға артып, 1,6 млрд долларға жетті.
"Сонымен қатар ішкі нарықтың аса маңызды импортқа тәуелділігі төмендеп келеді. Оның үлесі 14,7%-ға дейін қысқарды. Бұл отандық өнімге деген ішкі сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді", – деп толықтырды министр.
Қазақстанда Ресейдің қандай азық-түлік өнімдері қымбаттауы мүмкін екенін осы материалдан оқи аласыз.