Қазақстанда электрондық сауда алаңдарына жаңа талаптар енгізіліп жатыр

Фото: pexels
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2026 жылғы 4 тамызда өткен Үкімет отырысында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, отандық өнімдердің танымалдығын арттыру мақсатында "Қазақстанда жасалған" белгісі бар тауарлар сауда залындағы тұтынушылар жиі баратын орындарға қойылады.

"Жаңадан жұмысын бастаған өндірушілер үшін стартаптарға арналған сөрелер мен "жасыл сөрелер" қарастырылған. Осындай талаптар отандық электрондық сауда алаңдарына да енгізіліп жатыр", – деді Арман Шаққалиев.

Сауда және интеграция министрінің сөзінше, бұл шаралар отандық өндірушілердің сауда инфрақұрылымына тең қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

"Заң бойынша сауда желілерінің отандық өндірушілермен тауар жеткізу шартын жасасудан негізсіз бас тартуына тыйым салынған", – деп еске салды Арман Шаққалиев.

Бұған дейін Қазақстаннан экспортталатын шикізаттық емес тауарлар көлемінің артқаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған