Алайда Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомство мұндай сипаттағы баспасөз хабарламасын жарияламағанын және "Әділет" партиясына қатысты аталған тексеруді жүргізбегенін атап өтті.
Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бас прокуратура "Масс-медиа туралы" және "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңдарға сәйкес журналистер мен онлайн-платформа пайдаланушылары ақпараттың анықтығын тексеруге міндетті екенін еске салды.
Ведомство жалған әрі құқыққа қайшы ақпаратты таратпауға және Бас прокуратураның ведомстволық интернет-ресурсында жарияланған тек ресми хабарламдарға сенуге шақырды.