СҚО-да интернет-алаяқтық схемасына қатысушыға қатысты сот үкімі шықты

Фото: unsplash
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қашықтан жасалған интернет-алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп, оның нәтижесінде қылмысқа қатысушыға қатысты айыптау үкімінің шығарылуын қамтамасыз етті.

Алаяқтар Петропавл қаласының тұрғынына банк қызметкерлері ретінде хабарласып, оның банк шотындағы қаражатқа бөгде адамдар қол жеткізгенін айтқан. Олар ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару арқылы қорғау қажет деген желеумен жәбірленушіні несие рәсімдеуге және алынған қаражатты өздері көрсеткен есепшотқа аударуға көндірген.

Осыдан кейін қылмыстық схеманың қатысушыларының бірі көршілес Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласында банкомат арқылы жәбірленушіге тиесілі 2 млн 860 мың теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, кейін ұрланған қаражатты криптовалютаға айырбастаған.

Ол атқарған "қызметі" үшін ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырған. Ізін жасыру мақсатында банкомат жанында медициналық бетперде мен кепка киіп жүрген. Алайда бұл әрекеттері көмектеспеді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.

Ол – Павлодар облысының 21 жастағы тұрғыны. Сот оның заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру міндетін әдейі орындағанын анықтады. Оған бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот оны жәбірленушіге келтірілген 2 790 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.

Полицейлер азаматтарға ескертеді: банк қызметкерлері де, құқық қорғау органдарының өкілдері де ешқашан несие рәсімдеуді, ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды немесе қандай да бір қаржылық операцияларды орындауды талап етпейді. Осындай қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе полицияға өзіңіз хабарласу қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты