Алаш тасжолында 20 күнге қозғалыс ішінара шектеледі: Астана әкімдігі бұған не себеп екенін түсіндіріп берді

Фото: Zakon.kz
Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізілуде. Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпарына сүйенсек, осыған байланысты, 5-25 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

"Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады",- делінген мәліметте.

Сурет: Астана әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет екені айтылды.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады".Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Алматыда жол ережелерін елемей, мотоцикльмен ойқастаған жас жазаға кесілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы