"Құрметті жас достар! Сіздерге жақсы жаңалығым бар! Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін! Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарын таңдады", деп жазды Саясат Нұрбек Telegram-дағы парақшасында.
Министр қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп күтілетінін ескертті.
"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағ. 15.00-де төмендегі негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады", - дейді министр.
Айта кетейін, жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.
"Қымбатты талапкерлер! Алдарыңыздағы үлкен өмір жолы жарқын жетістіктерге, тың мүмкіндіктерге және толайым табысқа толы болсын! Еңбектеріңіз ақталып, армандаған мамандықтарыңыздың студенті атануларыңызға шын жүректен тілектеспін. Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарының қабырғасында жүздескенше!", деп сөзін түйіндейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Демек, 7 тамызда сағат 15-00-ден бастап мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімімен төмендегі сілтемелерге өту арқылы таныса аласыздар.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
- https://t.me/SayasatNurbekOfficial
- https://www.facebook.com/sayasat
- https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
- https://sayasatnurbek.com/
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық парақшалары: