Инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды арнайы комиссия реттейді

Фото: Zakon.kz
Бас прокурордың 2026 жылғы 20 шілдедегі бұйрығымен инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі комиссияны құру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Комитетке инвестордан, мемлекеттік органнан, жергілікті атқарушы органнан, мекемеден, квазимемлекеттік сектор субъектісінен немесе инвестициялық прокурордан инвестициялық қызметке байланысты дауды сотқа дейін реттеу туралы өтініш келіп түскен жағдайда комиссия құрылады.

Комитет төрағасы немесе ол болмаған кезде оның міндетін атқаратын тұлға өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде комиссия құру туралы шешім қабылдайды.

Егер өтініш Конституциялық заңның 25-1-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімнен кеш берілсе, Комитет оны қарауға қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Комиссия құру туралы шешім Комитет төрағасының немесе ол болмаған кезде оның міндетін атқаратын тұлғаның бұйрығымен рәсімделеді. Бұйрықпен комиссияның құрамы, төрағасы мен хатшысы бекітіледі.

Комиссия төрағасын қоса алғанда бес мүшеден тұрады.

Оның құрамына:

Егер отырысқа ұсынылған материалдарды жан-жақты, толық әрі объективті қарау үшін құқықтық қатынастардың тиісті саласы бойынша сараптамалық пікір қажет болса, комиссия отырысына құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.

Комитет төрағасы айқындайтын оның құрылымдық бөлімшесі комиссияның жұмыс органы саналады.

Жұмыс органы комиссияны құру және оның құрамын бекіту туралы бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қаралатын материалдарды дайындайды, күн тәртібінің жобасын әзірлейді және комиссия отырысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Комиссия қызметінің тәртібін Комитет төрағасы айқындайды.

Отырыс нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. Соның негізінде Комитет қорытынды шығарады.

Бұйрық 2026 жылғы 16 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін