Қазақстанда ұшқыштардың жалақы талабы 2,4 млн теңгеге жетті

Сурет: pixabay
2026 жылғы шілдеде Қазақстанда жұмыс іздеушілер Enbek.kz электрондық еңбек биржасына 141,2 мың түйіндеме орналастырды. Бұл маусым айымен салыстырғанда 11,5%-ға көп. Ал жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жариялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусыммен салыстырғанда шілдеде бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайған. Бұл жаз мезгіліндегі еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен байланысты. Осы кезеңде оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны артады.

Жұмыс күшіне сұраныс ең жоғары болған сала – білім беру. Мұнда 23,4 мың бос жұмыс орны жарияланған.

Сондай-ақ бос жұмыс орындары:

Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында – 8,8 мың. Одан кейін Түркістан облысы – 7,6 мың, Павлодар облысы – 7,1 мың, Алматы қаласы – 7 мың және Ақмола облысы – 6,9 мың.

Шілдеде жарияланған түйіндемелердің 54%-ы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі. 35–44 жастағылардың үлесі – 25%, 45–54 жастағылар – 14%, ал 55 жастан асқандар – 7%.

Гендерлік құрам бойынша түйіндемелердің 57%-ын әйелдер, 43%-ын ерлер орналастырған.

Біліктілік деңгейі бойынша түйіндемелердің 38%-ы орта деңгейдегі мамандарға, 38%-ы жоғары білікті мамандарға, 24%-ы төмен біліктілікті жұмыс іздеушілерге тиесілі.

Ең жоғары жалақыны кімдер күтеді

Шілдеде жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына ұсынған – шамамен 1,12 млн теңге.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспекторға шамамен 910 мың теңге, маркетинг пен өнімді өткізу бөлімінің бастығы орынбасарына шамамен 900 мың теңге ұсынылған.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны ұшқыштар күткен – шамамен 2,39 млн теңге. Стюардессалар шамамен 1,43 млн теңге, электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер шамамен 1,32 млн теңге жалақы күткен.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында 709 мың бос жұмыс орны және 877,2 мың түйіндеме жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді