Міндеттері нақты бөлінген: ҚМА мен ҰҚК 13 адамды ұстады

Сурет: Telegram/afm_rk
Қызылорда облысында Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Операцияны прокуратураның үйлестіруімен ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша департаменті мен ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізді.

"Тергеу деректеріне сәйкес, Жаманкөл шатқалында күрделі өнеркәсіптік өңдеуді қажет етпейтін саф алтын өндірілген. Топ мүшелерінің міндеттері нақты бөлінген: бірі алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмыстарын ұйымдастырса, екіншілері оны тасымалдау мен сатуға жауапты болған, ал тағы бір тобы қауіпсіздікті қамтамасыз еткен", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттіктің мәліметінше, заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақтың шетіне бақылаушылар қойылған. Ал мотоцикл мінген адамдар айналаны күзетіп, бөгде адамдар мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің жақындағанын алдын ала ескертіп отырған.

"Алтын кейін сату үшін Алматыға тасымалданған, ал түскен қаражат топ мүшелері арасында бөлінген. Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, екі арнайы техника, 12 металл іздегіш және алты автокөлік тәркіленді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар екі пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды.

"Қазір 13 адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді ҚМА.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

2026 жылғы 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында да алтынды заңсыз өндіру әрекеті тоқтатылғаны хабарланды. ҚМА мәліметінше, бір топ адам қажетті рұқсатсыз Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында алтын өндірген.

Тергеу деректеріне сәйкес, заңсыз әрекет қоршаған ортаға елеулі зиян келтірген. Шамамен 30 гектар аумақта топырақтың құнарлы қабаты жойылып, жер бедері бұзылған және өзен арнасы өзгерген. Құрамында алтыны бар кенді өндіру және өңдеу үшін ауыр техника мен өнеркәсіптік кешендер пайдаланылған. Жұмысқа 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай азаматтары тартылған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Екі баланың анасын бұрынғы күйеуі соққыға жығып өлтірген