Тау сүйер қауымға жаңалық: Алматыдағы шыңдардың бірі үш күнге жабылады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 7–9 тамыз аралығында Алматы облысында Валерий Хрищатый шыңына апаратын бағыттарға уақытша шектеу енгізіледі. Оған себеп – дәстүрлі түрде өткізілетін Альпиниада, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы альпинизм федерациясының мәліметінше, 7–9 тамызды қоса алғанда тіркелмеген альпинистер үшін 1Б және 2А санатындағы бағыттар уақытша жабылады.

Осы уақыт аралығында мамандар бағытты дайындау жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда, тұғырлы жіптерді (перила) ілу, станциялар мен аралық нүктелерді орнату, құтқару қызметі мен ұйымдастырушылардың жұмысы үйлестіріледі. Ал, бөгде топтардың болуы олардың өз қауіпсіздігіне қатер төндіреді және дайындыққа кедергі келтіреді.

Валерий Хрищатый шыңы – теңіз деңгейінен 3950 метр биіктікте орналасқан жартасты тау шыңы. Ол Алматы қаласына жақын Кіші Алматы шатқалындағы (Тұйықсу аңғары, Іле Алатауы жотасы) аумақта орналасқан. Шыңға шығатын ең танымал классикалық бағыт 1Б санаты (бастапқы дайындықтан өткен қарапайым альпинистерге лайық), ал шыңның батыс беткейіндегі бағыттар әлдеқайда күрделі санатқа кіреді.

"Осыған байланысты аталған күндері шыңға өз бетінше көтерілуге уақытша тыйым салынады. Бағытқа тек алдын ала тіркеліп, қауіпсіздік нұсқаулығынан өткен және арнайы рұқсат алған қатысушылар ғана жіберіледі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы күндері орнатылатын қауіпсіздік арқандары мен бекеттер тек Альпиниадаға қатысушылардың пайдалануына арналған.

Ұйымдастырушылар альпинистерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және табиғатқа ұқыпты қарауды сұрады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды