Жұманғарин Қазақстанның халықаралық ұйымдардан неге жиі қарыз алатынын түсіндірді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 14:12 Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 23 қыркүйекте Құрылтайдағы брифингте Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бүгін депутаттар Қазақстанға Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 6 млрд доллар көлемінде қаржы тартуға мүмкіндік беретін келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

"Елестетіп көріңіз: адамның, компанияның немесе елдің дамуына мүмкіндік беретін белгілі бір капиталы бар. Сол капиталдың шегінде дамуға болады. Немесе тәуекелдерді ескеріп, нақты есеп жүргізу арқылы қарыз қаражатын тартуға болады. Қосымша қаражат есебінен даму жылдамдайды", – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, сондықтан халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тарту орынды.


"Бұл дұрыс. Елдің дамуы әлдеқайда жылдам жүреді", – деп қосты Премьер-министрдің орынбасары.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстанның Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 6 млрд долларды қандай шарттармен алатынын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: