Ұлттық экономика министрі Қазақстанның мемлекеттік борышы туралы айтты
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 23 қыркүйекте Құрылтайдағы брифингте Қазақстанның борышы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 38,5 трлн теңгені құрады.
"Бұл жалпы ішкі өнімнің небәрі 20,9%-ы. Үкіметтің борышы ЖІӨ-нің 20%-ына тең. Біз борыш деңгейі төмен елдердің қатарындамыз", – деді Серік Жұманғарин.
Министр кейбір елдердің борышы ЖІӨ-нің 100%-ынан, тіпті 200%-ынан асатынын атап өтті.
"Біз қанша қарыз алатынымызды, оны қалай және кімнен алатынымызды мұқият қадағалаймыз. Борышымыздың басым бөлігі, шамамен 75%-ы – ішкі борыш", – деп қосты ол.
Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарынан неліктен тұрақты түрде қарыз алатынын түсіндірген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript