Экономика өскенімен, халықтың табысы артпай отыр - Жұманғарин себебін түсіндіріп берді
Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 8 мамырда Үкіметтегі брифингте экономика өсіп жатса да, неге халық табысы артпайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мемлекет бұл мәселені шешу үшін бірқатар шараларды қарастырып жатыр.
"Ең алдымен, бұл – халықты тиімді жұмыспен қамту шаралары. Яғни өндірісті дамыту, нақты секторды несиелеуді кеңейту, жоғары жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын құру. Халық табысының шамамен 77 пайызы жалақыдан тұрады. Тағы бір бағыт – әлеуметтік көмекті оңтайландыру. Сонымен қатар біз ең төменгі жалақы мәселесін, бюджет саласы қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерге қатысты сұрақтарды қарастырып жатырмыз. Ірі компаниялармен тікелей жұмыс істеу, шағын және орта бизнесті қолдау, жалақы қорын заңдастыруды ынталандыру да бар", – деді Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, кейбір азаматтар экономикалық өсімді бірден халық табысының өсуімен байланыстырады.
"Шын мәнінде, ол бар, бірақ оның әсері көбіне жылдық кезеңмен көрінеді. Мысалы, 2025 жылы мұнай өндіру көлемі 13,4 пайызға артты. Бірақ сол уақытта мұнай бағасы 14,4 пайызға төмендеді. ЖІӨ өсімі негізінен өндіріс көлемінің артуынан болды. Алайда бұл экономикалық әсер өте аз болып, жалақыға тікелей әсер еткен жоқ", – деп түсіндірді министр.
Бұған дейін Қазақстанда жалақы қорына түсетін қаржылық жүктеме азайтылмайтындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript