Ұлттық экономика министрлігі құрылыс қарқынының өсетінін болжады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында құрылыс саласының өсу қарқынына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, құрылыс саласындағы өсу қарқыны 2027 жылғы 16%-дан 2029 жылы 17,3%-ға дейін артады.
"Бұған көлік-логистика, энергетика және су инфрақұрылымын одан әрі дамыту жобаларын жоспарлы түрде іске асыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту ықпал етеді", – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, қызмет көрсету саласында да тұрақты өсім сақталады. Сауда саласы жылына орта есеппен 5,7%, көлік және қоймалау – 10,4%, ақпарат және байланыс саласы 9,2% өседі.
"Оң сауда балансы сақталады. Болжам бойынша тауарлар экспорты 2027 жылғы 82,8 млрд АҚШ долларынан 2029 жылы 88,5 млрд АҚШ долларына дейін, ал импорт 80,5 млрд доллардан 88,4 млрд долларға дейін ұлғаяды", – деп толықтырды министр.
Бұған дейін Серік Жұманғарин өңдеу өнеркәсібінің өсетінін хабарлаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript