Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5%-ға өседі – Ұлттық экономика министрлігі
Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында ел экономикасының биылғы өсіміне қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсіп, соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижелердің біріне қол жеткізді.
"Биыл да оң өсім қарқыны сақталып отыр. Қаңтар–мамыр айларының қорытындысында экономика 3,7%-ға ұлғайды. Ал мұнай өндіру көлемін есепке алмағанда өсім 5%-дан асты. Бұл елімізде экономиканың құрылымы біртіндеп өзгеріп, шикізаттық емес салалардың үлесі артып келе жатқанын көрсетеді. Экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі – өңдеу өнеркәсібі", – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика, химия өнеркәсібі, азық-түлік өндірісі, құрылыс және көлік қызметтері салаларында да жоғары өсім сақталған.
Сондай-ақ сауда, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс салаларында да оң динамика байқалады.
"Біздің бағалауымыз бойынша, 2026 жылдың қорытындысында Қазақстан экономикасының өсімі кемінде 5%-ды құрайды", – деді министр.
Бұған дейін Серік Жұманғарин қазақстандықтардың жалақысын көтеруге қатысты жоспарлар жөнінде де мәлімдеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript