Сайлау учаскесі туралы мәліметті eGov Mobile қосымшасы арқылы білуге болады.
"eGov Mobile қосымшасында сайлаушыларға қажетті негізгі ақпарат жинақталған арнайы "Құрылтай-2026" бөлімі іске қосылды. Пайдаланушылар өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін біле алады, сайлаушы туралы мәліметтерді тексеріп, дауыс беру күніне дейін қалған уақытты көре алады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ бұл бөлімде сайлау туралы ақпарат, жаңалықтар мен іс-шаралар, құжаттар, сұрақтар мен жауаптар, ЖСН арқылы сайлау учаскесін іздеу қызметі және байланыс деректері қолжетімді.
Бұдан бөлек, сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын мына онлайн сервистер арқылы анықтауға болады:
- www.gov.kz/sailau;
- sailau.gov.kz;
- sailau2026.gov.kz.
Ол үшін өз өңіріңізді таңдап, ЖСН-ді енгізу жеткілікті.
Қазақстандықтарға дауыс беруге алдын ала дайын болу үшін сайлау учаскесі туралы мәліметті ертерек тексеру ұсынылды.
Қазақстанда Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Сайлауға жеті партия қатысады.