Қазақстандықтар нотариустардың атқарушылық жазбаларына 700 мыңға жуық қарсылық білдірген

Фото: freepik
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында нотариустар жасайтын атқарушылық жазбалар саны мен оларға қатысты шағымдардың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр биыл 1 шілдеден бастап күшіне енген Конституцияда адам құқықтарын қорғауға, "Заң және тәртіп" қағидатына және цифрлық трансформацияға негізделген мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделі бекітілгенін еске салды.

"Әділет министрлігі құқық қолдану тәжірибесі мен азаматтардың өтініштерін жүйелі түрде талдап келеді. Ең өзекті мәселелердің бірі – нотариустың атқарушылық жазба жасауы және оны жеке сот орындаушыларының кейіннен орындауы. Атқарушылық жазбалар саны жылына 2 миллионнан асқан тұста, ең алдымен, борышкерлерге дер кезінде хабарлау және олардың қарсылық білдіру құқығын іске асыру мәселелері бойынша шағымдар көбейді", – деді Ерлан Сәрсембаев.

2025 жылғы наурыздан бастап eGov Mobile қосымшасында атқарушылық жазбаға қатысты өтініш беруден бастап азаматтың қарсылық білдіру құқығын жүзеге асыруына дейінгі цифрлық қызметтер іске қосылды. Нотариус атқарушылық жазбаның көшірмесін борышкерге "электрондық үкімет" порталы және SMS арқылы жіберіп, оның жеткізілгенін тіркейтін болды. Ал борышкер онлайн режимде қарсылық білдіруге немесе берешекті мойындауға мүмкіндік алды.

"2025 жылғы наурыздан бері 2,5 миллионнан астам атқарушылық жазба жасалып, оларға 700 мыңға жуық онлайн қарсылық берілді. Алайда тәжірибе іске асырылған жобаның жеткіліксіз екенін көрсетті. Осыған байланысты заңнамалық реттеуді одан әрі жетілдіру және жасанды интеллект қолданылатын жаңа цифрлық құралдарды енгізу қажеттілігі туындады", – деді министр.

Бұған дейін Әділет министрлігінің кеңейтілген өкілеттіктері туралы жазған едік.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін