Қазақстандықтардың өтініштері 15%-ға азайды – Әділет министрлігі

Фото: freepik
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында дауларды шешуге арналған жетілдірілген "Тараптар кабинеті" модулінің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, модуль 2026 жылғы 1 шілдеде іске қосылған.

"Бұл кабинет арқылы өндіріп алушы мен борышкер кез келген уақытта іс материалдарымен танысып, жасалған әрекеттер мен қабылданған шараларды тексере алады. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің қазіргі мәртебесін көріп, өтініштер мен өтінішхаттарды электрондық түрде жолдай алады. Қызмет іске қосылғаннан бері азаматтардан 63 мың өтініш түсті. Оның тек 9,4%-ы әділет органдарына шағымдану сатысына жеткен. Яғни мәселелердің басым бөлігі жеке сот орындаушысы деңгейінде шешіліп, нәтижесінде бізге түсетін өтініштер саны 15%-ға азайды", – деді Ерлан Сәрсембаев.

Министрдің сөзінше, енді қазақстандықтар атқарушылық жазбаның жасалуын ғана емес, оны орындаудың кейінгі барысын да толық бақылауға мүмкіндік алды.

Бұған дейін Әділет министрлігі нотариустардың атқарушылық жазбаларына 700 мыңға жуық онлайн қарсылық берілгенін хабарлаған еді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін