Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Сурет: pixabay
Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2026 жылғы 13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz сайтына ұсынған болжамда айтылады.

Болжамға сәйкес, күндіз аномальды аптап ыстық республикамыздың бірден 14 өңірін қамтиды:

Аптап ыстық:

Өте қатты ыстық:

Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады деп күтіледі.

"Тек Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсіп, қатты жел соғуы мүмкін. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, республикамыздың бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында 2026 жылғы 13, 14 және 15 тамызда қандай ауа райы болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін