Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Оралда 14 тамызда күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с болып, қалада жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 14 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта 14 тамызда күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 14 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 14 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, өңірдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 14 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 14 тамызда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 14 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, өңірдің оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 14 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі күтіледі, ал облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 14 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда 14 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, өңірдің оңтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 14 тамызда күндіз 37-39 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 14 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 14 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады деп күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз 40-41 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 14 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер 13 тамызда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.