Ірі көлемдегі айыппұл және елден шығару: Қазақстан полициясы шетелдіктерге ескерту жасады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан полициясы ел аумағында жүрген шетел азаматтарына болу және еңбек ету тәртібін сақтау қажеттігін ескертті. Бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі шетелдіктерге қандай құқықбұзушылықтар үшін қандай жаза қолданылатынын түсіндірді.

"Шетел азаматы рұқсат етілген болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстаннан 10 тәуліктен астам уақыт бойы шықпаған жағдайда ең қатаң шаралар қолданылады. Мұндай жағдайда оған 25 АЕК, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл салынады немесе ол елден әкімшілік жолмен шығарылады", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені немесе визада көрсетілген мақсатқа сәйкес келмейтін қызметпен айналысқаны үшін де елден әкімшілік жолмен шығару шарасы қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай жағдайда 25 АЕК, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Болу мерзімін аз уақытқа өткізіп алғандарға жеңілірек шаралар қолданылады:

Бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайталанған жағдайда жауапкершілік күшейтіледі. Заңда көзделген жағдайларда шетел азаматы 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, кейін Қазақстаннан шығарылуы мүмкін.

"Көші-қон талаптары тек шетел азаматтарына ғана қатысты емес. Қабылдаушы тарап пен жұмыс берушілер де қажетті құжаттарды уақтылы рәсімдеп, белгіленген қағидаларды сақтауға міндетті", – деп толықтырды полиция өкілдері.

Полиция шетелдіктерге Қазақстанға кірер алдында, жұмысқа орналасар кезде немесе елде болу мерзімін ұзартпас бұрын құжаттарын және рұқсат етілген мерзімді тексеру қажеттігін еске салды. Белгіленген қағидаларды сақтау айыппұлдан, елден шығарудан және басқа да әкімшілік салдардан құтылуға мүмкіндік береді.

Шетелдіктер Қазақстаннан жоғарыда аталған құқықбұзушылықтар үшін ғана шығарылмайды. Мәселен, бұған дейін әлеуметтік желілерде әдепсіз пікір білдірген шетелдік блогерге айыппұл салынып, ол елден шығарылған еді. Сондай-ақ оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін