Қазақстанда оқушылардың білімі жаңаша бағаланады: қандай өзгерістер енгізіледі

Фото: Министерство просвещения РК
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 17 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқушылардың білімін бағалау жүйесіне енгізілетін негізгі өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа тәртіп қалыптастырушы және аралық бағалауды қамтиды.

"Қалыптастырушы бағалау сақталады, алайда оның тоқсандық қорытынды бағадағы үлесі бұрынғы 25%-дан 50%-ға дейін артады. Бұл баланың күнделікті еңбегі мен тоқсан бойындағы оқу жетістіктерін толық ескеруге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. 10 балл бір тапсырманы орындағаны немесе сабақтың бір кезеңіндегі жұмысы үшін қойылмайды. Бұған дейін баға үй тапсырмасын немесе жекелеген тапсырманы жақсы орындағаны үшін берілуі мүмкін еді. Енді балл оқушының сабақтың әр кезеңінде орындаған тапсырмаларының жиынтық нәтижесі негізінде қойылады", – деді Шынар Ақпарова.

Жаңа талапқа сәйкес, мұғалім тоқсан бойы әр оқушыны әр пәннен өткізілген сабақтардың кемінде 30%-ында бағалауға тиіс.

"Мысалы, тоқсан ішінде бір пәннен 30 сабақ өткізілсе, әр оқушы кемінде тоғыз сабақта қалыптастырушы бағалау бойынша балл алуға тиіс. Бұл – бағалаудың ең төменгі жиілігі. Мұғалім оқушыны бұдан да жиі бағалай алады.

Аталған талап баланың оқу материалын меңгеру барысын жүйелі түрде бақылауға және оның күнделікті еңбегін объективті бағалауға мүмкіндік береді", – деді вице-министр.

Сонымен қатар аралық бағалау енгізіледі. Ол әр бөлім аяқталғаннан кейін өткізіліп, сол бөлім бойынша қорытынды жұмыс ретінде есептеледі.

Аралық бағалау саны оқу бағдарламасындағы бөлімдер санына байланысты болады. Мәселен, тоқсан ішінде үш бөлім аяқталса, үш аралық бағалау жүргізіледі.

Аралық бағалаудың ең жоғары балы сыныптарға қарай былай белгіленеді:

Нақты ең жоғары балл тапсырмалардың санына, мазмұны мен күрделілік деңгейіне байланысты айқындалады.

Сонымен қатар тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді.

Бұған дейін бастауыш сынып оқушылары үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау алынып тасталуы мүмкін екені хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

Канье Уэстің досы Алматыдағы кештен кейін әсерімен бөлісті