Оның айтуынша, енді оқушылардың оқу нәтижесі барлық пән бойынша бағаланады.
"Бұған дейін жеке бағаланбаған "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект", "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Музыка" және "Дене шынықтыру" пәндері бойынша күнделікті қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Ал аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі. Бағалау әр пәннің ерекшелігіне қарай практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және топтық жұмыстар арқылы жүргізіледі", – деді Шынар Ақпарова.
Ол тоқсандық баға автоматты түрде қойылатынын да мәлімдеді.
Тоқсандық баға мынадай тәртіппен қалыптастырылады:
- 50% – қалыптастырушы бағалау нәтижесі;
- 50% – аралық бағалау нәтижесі.
"Осылайша тоқсандық бағада баланың тоқсан бойындағы күнделікті еңбегі мен оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдерін аяқтағаннан кейін көрсеткен нәтижесі тең дәрежеде ескеріледі", – деп толықтырды бірінші вице-министр.
Бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалауға енгізілетін өзге де өзгерістер туралы осы материалдан оқуға болады.