Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында Басқарма "КБЕ групп" ЖШС-не құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген.
"Тексеру нәтижесінде нұсқаманың орындалмағанына байланысты тиісті материалдар сотқа жолданған", – деп хабарлады ведомство.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды.
Нысанды бұзу сот шешімін орындау мақсатында оның иесі тарапынан жүзеге асырылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы орталығындағы дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылғанын хабарлаған едік.