Алматы орталығындағы дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды

Алматы қаласының орталығында орналасқан дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 16:32 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының орталығында орналасқан дәмханаға заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, заңсыз құрылыс Құрманғазы көшесі, 43 мекенжайында орналасқан дәмхана аумағында анықталған.

Уәкілетті орган аталған нысанға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде меншік иесінің дәмханаға қосалқы нысанды тиісті рұқсатсыз салғаны белгілі болды. Осыған байланысты нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, іс сотқа жолданды.

Істі қараған Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты меншік иесін кінәлі деп таныды. Сот заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.

Сот актісін орындау аясында меншік иесі дәмханаға салынған қосалқы нысанды өз қаражаты есебінен және өз күшімен толықтай бұзды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: