Павлодарда көліктен денесін шығарғандар жауапқа тартылды

Павлодарда көліктен денесін шығарғандар жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 23:29 Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желілерде назар аударып, "хайп жинау" мақсатында жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер жасау үрдісі байқалады. Кей жүргізушілер мен жолаушылар қозғалыстағы көліктің терезесі мен люгінен дене мүшелерін шығарып, қауіпті маневрлерге барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Павлодар қаласындағы "Нұрлы жол" көпірінде бірнеше жүргізуші қауіпті "трюктер" жасап, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған. Олар көліктердің терезелері мен люктерінен денелерін шығарып, қауіпті маневрлер жасаған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың барлығын анықтап, оларға қатысты заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік шаралар қабылдады. Қауіпті әрекеттерге қатысқан жолаушылар да жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.

"Жүргізушілер мен жолаушылар жолдың қауіпті ойын-сауық үшін орын емес екенін түсінуі қажет. Мұндай жауапсыз әрекеттер құқық бұзушылардың өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді", – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.

Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір қатысушының міндеті. Қозғалыстағы көліктің терезесі немесе люгінен дене мүшелерін шығару – батылдықтың белгісі емес. Бір сәттік "хайп" орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: