Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Фото: pixabay
Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және аптап ыстық бәсеңдейді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 20, 21 және 22 тамызға арналған ауа райы болжамында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанадағы ауа райы

20 тамыз: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +20...+22°С.

21 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +23...+25°С.

22 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +9...+11°С, күндіз +25...+27°С.

Алматыдағы ауа райы

20 тамыз: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +31...+33°С.

21 тамыз: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +29...+31°С.

22 тамыз: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +28...+30°С.

Шымкенттегі ауа райы

20 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +35...+37°С.

21 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +35...+37°С.

22 тамыз: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +33...+35°С.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 20-22 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде ауа температурасы +41°С-қа дейін көтерілетінін хабарлаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін