ІІМ жоғары оқу орындарында емтихан тестілеріне сараптама жүргізіледі

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрі 2026 жылғы 14 тамыздағы бұйрығымен ҚР ІІМ-нің әскери және арнаулы оқу орындарында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізді.

Қағидаларға жаңа ұғым енгізілді:

Тестілеу материалдары – білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауға, білімі, дағдылары мен құзыреттерін аралық және қорытынды аттестаттауға арналған стандартталған тест тапсырмаларының, оның ішінде сұрақтардың, жағдаяттық тапсырмалар мен кейстердің жиынтығы.

Авторлар оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді мынадай жаңа талаптарды ескере отырып дайындайды:

Сонымен қатар қағидалар тестілеу материалдарына сараптама жүргізу тәртібін айқындайтын жаңа нормамен толықтырылды.

Тестілеу материалдарына жүргізілетін сараптама:

Мына материалдар сараптамадан өткізіледі:

Тестілеу материалдарына сараптама мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:

Сондай-ақ кафедра немесе цикл оқу басылымын ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда, авторлар оны қарау үшін оқу-әдістемелік кеңеске жіберетіні нақтыланды.

Одан кейін оқу басылымы ғылыми кеңестің қарауына жолданады. Қарау қорытындысы бойынша ғылыми кеңес оны басып шығаруға және оқу процесінде пайдалануға ұсынады немесе одан бас тартады.

Қарау барысында оқу басылымдарында өзге еңбектерден алынған мәтіндердің бар-жоғы оқу орны бастығының бұйрығымен белгіленген тәртіпте тексеріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 29 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін