Болжам бойынша, күндіз бірден алты өңірде қатты ыстық болады:
- Алматы облысында: +35°С;
- Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Жетісу облысында: +35...+38°С;
- Маңғыстау облысында: +38...+40°С.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұррқасын жүреді, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Жауын-шашынсыз ауа райы тек республикамыздың оңтүстігінде күтіледі.
"Қазақстан бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар, болжамға сәйкес, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Қостанай облысында, Абай облысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында;
- төтенше өрт қаупі – Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 2026 жылғы 20-22 тамыз аралығына арналған ауа райының болжамын жариялаған болатын.