Қазақстандықтарға зейнетақы рәсімдеу кезінде қажет болуы мүмкін құжат туралы ескертілді

Фото: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі зейнетақы рәсімдеу кезінде архивтік анықтама қажет болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздегі тұрғындардың бірі мемлекеттік корпорацияға мынадай сауал жолдаған:

"Зейнетақы рәсімдеу үшін құжаттар жинап жүрмін. Архивтік анықтаманы міндетті түрде ұсыну керек пе?"

"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері архивтік анықтама барлық жағдайда бірдей талап етілмейтінін түсіндірді.

"Архивтік анықтама еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз күйге түскен жағдайда, сондай-ақ ондағы мәліметтерде түзетулер немесе сәйкессіздіктер болса қажет. Мұндай жағдайда архивтік анықтама мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжат ретінде қолданылады".

Бұған дейін мемлекеттік корпорация өкілдері тұрмысқа шығып, тегін өзгерткеннен кейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет пе деген сұраққа жауап берген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді