Демалыс күндері Қазақстанда нөсер жауып, күн +39°C-қа дейін ысиды

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 22, 23 және 24 тамызға – сенбі, жексенбі және дүйсенбіге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне найзағайлы жаңбыр алып келеді".

Болжам бойынша, кейбір аудандарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

"Тек Қазақстанның батысына антициклон сілемі әсер етеді. Соның салдарынан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы жоғарылайды. Күндіз термометр бағаны +34...+39°C-ты көрсетіп, қатты ыстық болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2026 жылғы 21 тамызда Астана, Алматы және Ақтөбеде, ал түнде Атырау, Қарағанды мен Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатыны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты